24.05.2024, 14:30
Оқылды: 77

Облыстық «Шырқа, гитара!» фестивалінен жеңіспен оралды

Жуырда балалар мен жасөспірімдер арасында авторлық және гитаралы әндерді дамыту мақсатында облыстық «Шырқа, гитара!» фестивалі өтті. Фестивальге мектеп пен колледж оқушылары қатысып, «Авторлық ән», «Бард әндерін орындаушы», «Ансамбль» аталымдары бойынша өнерлерін ортаға салып, бақтарын сынады. Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының тәрбиеленушілері керемет нәтиже көрсетті.

442398707_1015338213929186_9105319018962415139_n

12 жасқа дейін санат бойынша Нұрғали Мұрадым «Бард әндерін орындаушы» аталымында 3-орын және «Авторлық ән» аталымы бойынша 2-орын алса, «Ансамбль» аталымы бойынша «Элита» ансамблі (Эльнара Атымтаева, Мәдина Жәнібекова) 3-орыннан көрінді. 13-15 жас санатында «Авторлық ән» аталымы бойынша Фатима Жұмабек 3-орынды иеленді.

442505229_1015338260595848_5073373600217151797_n

 16-18 жас санатын бойынша «Бард әндерін орындаушы» аталымын Гүлім Биғали жүлделі 1-орынға ие болды. Ал «Ансамбль» аталымында «Арна» вокалды-аспаптар ансамблі (Гүлім Биғали, Қарлығаш Каримолла, Нұрлы Отарғали, Оралхан Марлен) 2-орын алды.

 Фестивальге оқушыларды жоғары дәрежеде дайындап, бард әндерін насихаттаумен қатар музыкалық қабілеттерін ашуға және жеке тұлғаның жалпы мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін жетекшісі Меңдігүл Қуанәлиева облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғ.Бекқалиевтің алғысхатымен марапатталды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале