Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатын оқып шықтым. Ұлт газеті – «Ана тілі» газетінде жарияланған сұхбатта елдің кешегісі мен келешегі туралы ауқымды мәселелер қамтылды.
Бәрінен бұрын ел ішінде кезіп жүрген түрлі кауесет, қаңқу сөздерге нүктесін қойып берді. Осы тұрғыдан бағалайтын болсақ, жыл басындағы Президенттің сұхбаты тұрақтылық пен тыныштыққа кепіл болатын құжат деуге болады. Әсіресе, қоғамда заң мен тәртіп қағидасын іске асырудың маңызы жан-жақты айтылды. Президент қоғамдық және саяси институттардың жұмысын әділ қадағалады. Соның ішінде Парламент депутаттарының жұмысына жоғары бағасын берді. Бұл да орынды айтылған пікір. Өйткені Парламенттің ықпалы артып, қоғамның тыныс-тіршілігіне әсер ететін заңдарды қабылдады. Әйелдер мен жасөспірімдердің зорлық-зомбылығына, есірткі бизнесіне, лудоманияға, вандализмге қарсы мәдениетті қалыптастыратын бірқатар маңызды заңдар қабылданды. Бұл сұхбат тек мемлекетті басқарудың негізгі ұстанымдарын түсіндіріп қана қоймай, халықты ортақ мақсаттарға біріктіруге бағытталған үндеу іспетті. Президенттің осындай ашық әрі мазмұнды пікір алмасуы қоғам үшін өте қажет.
Есқайыр ЕЛЕМЕСОВ
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты