17.01.2023, 16:45
Оқылды: 4

Ойықтар ойылып, қамыс салынды

Oблыс әкімі Нариман Төреғалиев балықтардың қырылу қаупі бар су айдындарында тұрақты негізде мониторинг жүргізу және балықтардың тұншығу қаупі туындаған жағдайда, жас балықтарды құтқару бойынша және тұншығуға қарсы аэрациялық іс-шаралар жүргізуді тапсырған болатын.

IMG-20230117-WA0060

Осы орайда берілген тапсырмаға сай Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі, «Қайрат» заставасының шекарашылары және М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі бірлесіп, жасанды су қоймаларында балықтардың қырылу қаупін алдына алу мақсатында түгендеу жұмыстарын жүргізді. Мұз қалыңдап қатқан кезде балықтар тұншығады.

IMG-20230117-WA0059

Сол себепті жас балықтардың кедергісіз өсіп, көбеюі үшін тұншығуға қарсы аэрациялық іс-шаралар атқарды. Ойықтар ойылып, қамыс салынды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале