Бүгін Жаңақала ауданы орталығындағы Тәуелсіздік саябағында «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардабын жою кезінде құтқару және өзге де кезек күттірмейтін жұмыстарды дайындау мен жүргізу» тақырыбында кешенді оқу-жаттығуы өтуде.
Бұған облыстық АҚ қызметтерінің жедел топтары (өкілдері), аудан әкімінің аппараты, эвакуациялық комиссия, ТЖК, АҚ қызметкері, құрама жедел ден қою жасағы, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылық құрамы, АҚ құрамалары қатысуда.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – Жаңақала ауданы ТЖ-ның алдын алу және жою аумақтық кіші жүйесінің ұйымдастырылуын және жай-күйін зерделеу. ТЖ-ның алдын алу және жою мәселелері бойынша заң талаптары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын, ТЖ-ның алдын алу және жою аумақтық кіші жүйесі басқару органдарының, күштері мен құралдарының табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі төнген және орын алған кезде әрекет етуге дайындығын тексеру. Аудан әкімі аппаратының, эвакуациялық қабылдау комиссиясының, ТЖ жөніндегі комиссияның, АҚ қызметтері мен құрамаларының, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылық құрамын табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ны жою кезінде әрекет етуге жаттықтыру.
Оқу-жаттығудың басшысы аудан әкімі Дархан Закарин, оқу-жаттығу басшысының орынбасары, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Тұрарбек Апақаев, басшылық штабының бастығы Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығы подполковник Данияр Тлеуханов.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz