Шыңғырлау ауданы бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек-қолдау көрсету мақсатындағы шаралар жақсы ұйымдастырылуда.
Акция аясында "Қазақтелеком" АҚ аудандық бөлімшесі демеушілік көрсетіп қамқоршылық тәрбиедегі 9 сынып оқушысына 20000 теңгеге спорттық киім, Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы көпбалалы 3 отбасына 34000 тг көлемінде қажеттілігіне қарай спорттық киім, аяқ киім, сөмке алып берді.
Ж.Шынтас,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz