Жуырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Бөкей хандығының құрылғанына 220 жыл және Жәңгір хан мектебінің 180 жылдығына арналып «Бөкей ордасы – қасиетті, құт мекенім» атты облыстық домбырашылар байқауы өтті.

Байқауға ауданымыздың намысын қорғауға балалар саз мектебінің оқытушысы Мирас Мүкәрімов те аттанған болатын. Жан-жақтан жиналған үздіктер арасында жүрексінбей өз өнерін паш ете білген жас домбырашы ІІ орынды жеңіп алып, мерейі тасып қайтты.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz