9.09.2020, 16:50
Оқылды: 41

Өлеңтіде бір баспана қайырымды жандардың көмегімен көгілдір отынға қосылды

 Карантин кезінде табысынан айырылған, әлеуметтік жағдайы төмен ауылдастарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қайырым қамын жасаған өлеңтіліктер жақында тағы бір жақсылыққа себепші болды. Ауылдағы бір баспанаға қайырымды адамдардың көмегімен жылу жүйесі жүргізіліп, үй көгілдір отынға қосылды.

dav

– Ауылға газ келгеніне 10 жыл болды. Бірақ бұл үй әлі күнге көгілдір отынның қызығынан тыс қалып тұрды. Осы шаңырақта тұратын ауылдас апамыз – өте еңбекқор әрі адал кісі. Көмектесейік деп ойладық. Аллаға шүкір, айналамызда жомарт адамдар бар. Солар ісімізге қолдау білдірді. Бір жақсысы, біздің халық жақсылық жолында «Сенің ауылың, менің ауылым!» деп  бөлінбейді. Сонысы ұнайды. Мәселен, газды үйге қосу қызметінің шығынын Қ.Мырзалиев атындағы мектептің 1995 – 96 жылғы түлектері, яғни 1978 -79 жылы туған азаматтары көтеріп алды. Есепшотқа алыс-жақыннан 334 мың теңге жиналды. Оған газ плитасын, қазандықты, батареялар мен құбырларды сатып алдық,  – дейді игі шараны ұйымдастырушы Батырхан Нұқиев. Інісінің ісін дәнекерлеуші ағасы қолдап Бекболат Нұқиев үй ішіне жылу жүйесін тегін жүргізіп берген.

dav

Осылайша, жомарт жандардың жүрегі Өлеңтідегі бір шаңыраққа жылу сыйлады. Айтпақшы, Батырхан жиналған қаражаттан 50 мың теңгені тұрмысы төмен жанұя балаларына оқу жабдықтарын алу үшін Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешеніне беріпті.

Б. Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале