20.10.2023, 11:15
Оқылды: 45

Өлеңтіде фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Сырым ауданының Өлеңті ауылында Өлеңті ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

25 (1)

Салтанатты жиынға Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев, Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, «ИСКОМ» жауапкершілігі шекетулі серіктестігінің директоры Рафиг Мамедов, Сырым аудандық қоғамыдық Кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиев, Сырым аудандық қоғамдық Кеңестің мүшесі Тауфик Елеубаев қатысты.

25 (2)

- Өлеңті ауылының халқы ұлттық мерекеміз Республика күні қарсаңында денсаулық сақтау саласындағы тағы бір игі істің куәсі болып отыр. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Өлеңті ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы 2023 жылдың шілде айында басталды. Медициналық мекеменің құрылысына Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы тапсырыс беріп, ғимаратты мердігер «Фирма Иском» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мерзіміне сай құрылыс жұмыстарын аяқтап отыр. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп дана халқымыз айтқандай, біз үшін ең бастысы адамның өмірі мен оның денінің саулығы. Бұл медициналық нысан сіздерге тек аурудың алдын алу үшін қызмет етуіне тілектеспін, - деді аудан басшысы Жұмагелді Жолдыбайұлы.

25 (3)

 

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

25 (4) 25 (5) 25 (6)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале