27.03.2024, 15:00
Оқылды: 85

Өлеңтіде төтенше жағдайдың алдын алу жұмысы қолға алынды

 

Сырым ауданында су тасқынының алдын алу шаралары қолға алынды. Былтыр Өлеңтідегі Жағалау көшесінің бірқатар үйін ағын су айналып өтпеген еді. Биыл да сол қауіптің алдын алу үшін қауіпсіздік шаралары жүргізіліп жатыр.

су таскыны 2024 сырым (1)

Атап айтсақ, Өлеңті бойына жиналған мекеме қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және ерікті тұрғындар қапталған құмды Өлеңті бойына жайғастырды.

су таскыны 2024 сырым (2)

- Өлеңті өзені арнасынан асып шыққалы тұр. Былтырғыдай жағдай қайталанбауы үшін ауданымыздың азаматтары, әр салада қызмет ететін жігіттер жұмылдырылып, жұмыс атқарылып жатыр. Қауіптен аман болайық, - дейді Өлеңті ауылының тұрғыны  Қанат Кәкімов.

 

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

су таскыны 2024 сырым (3) су таскыны 2024 сырым (4) су таскыны 2024 сырым (5) су таскыны 2024 сырым (6) су таскыны 2024 сырым (7)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале