19.03.2023, 16:27
Оқылды: 21

Өлеңтілік келіндер ел болашағына алаңдаулы

Өлеңті ауылындағы №293 сайлау учаскесіне ауылдың бір топ келіні келіп, дауыс берді. «Абысын тату болса ас көп» деген өнегелі сөзді ұстанатындарын сайлауда да көрсетті. Бойларынан иба төгіліп, бір-бір үйдің керегесін алтын қылып отырған келіндер көптің сүйіспеншілігіне бөленді. Елдің жарқын болашағы үшін алаңдаулы, пысық, еті тірі, үнемі алда жүретін алғыр келіндер саяси науқанға да белсенділікпен қатысты.

d414fd91-e3ef-4006-be38-241c7b05ecd5

Дауыс беруге келген өлеңтілік келіндердің алды 40-та болса, кейінгілері 30-ға толмаған. Олардың ішінде елге қызмет етіп жүрген дәрігер, ұстаздар бар.

26408e9d-4887-4901-a4ea-86cf2a99a5c8

Сайлаушы келіндердің ең жасы 28 жастағы Шаттық Әжіғалиева:
— Бүгін дауыс беруге келгеніміздің көбісі — көпбалалы ана. Ал менің келін болғаныма 10 жылдың жүзі болыпты. Өз басым не нәрсеге де бей-жай қарайтын адам емеспін. Өйткені, ұрпақ тәрбиелеп отырған анамын. Менің артымда үлкен әулеттің болашағы қаланып келе жатыр. Сол үшін ең алдымен бәріне өзім үлгі болуым керек. «Сайлауға бардық, дауыс бердік, болды» деп емес, маңызды шара деп қарау керек. Себебі оның артында қаншама ауылдың игілігі үшін жасалатын жұмыс, жауапкершілік жатыр, - дейді.

014bb36c-b67b-4136-a6e1-3f3b104949bf

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале