Төтенше жағдайға байланысты елімізде бұқаралық шараларға шектеу қойылғаны белгілі. Бірақ Сырым ауданы Өлеңті ауылының жастары Наурыз мейрамын мерекелеудің басқа әдісін тапты.
Өлеңтілік жастар Наурыз мерекесінің құрметіне орай ауылдарындағы әлеуметтік жағдайы төмен 6 жанұяға бір айлық азық-түлік алып берді. Олар ақсақалдарға да арнайы барып сәлем беріп, сый-сияпаттар ұсынуды да ұмытпады.
Қарттар жас буынның берекелі бастамасына разы болып, бата берді.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер