26.04.2021, 14:29
Оқылды: 57

Өлеңтілік жастардың өзгеше тартуы

«Ер туған жеріне» деген сөз бар. Ер туған жеріне не істеу керек? Келу керек пе? Әлде еңбек ету керек пе? Із қалдыруы тиіс пе әлде? Біздіңше осылардың қай-қайсысын да кіші отан үлкен құрметпен қабылдайды. Жуырда өлеңтілік жастар да өз ауылдарына өзгеше тарту жасап, туған жерді түлетуге әркімнің үлес қоса алатынын іспен көрсетті.

4A5EE339-B374-4010-94AC-44B441D87099

Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша кешенінің 2006 жылғы түлектері ауылға кіреберіс жолдың бойына 160 түп көктерек ағашының көшетін отырғызды. Ағаш егу - тек ауызға жеңіл. Әйтпесе, 160 түп талды сатып алып, ауылға алып келуге қыруар қаражат, сонша шұңқыр қазып, топырағын ауыстырып, отырғызу үшін ойдай уақыт пен күш керек.

- Әркім де өз мекенінің көркейгенін, көгергенін қалайды. Сол ниетпен ауылдың кіреберісіне ағаш еккенді жөн санадық. Көшеттер көктеп, өсіп кетсе, шынында да ауылға көрік, көзге қуаныш болар еді. Биыл мектеп бітіргенімізге 15 жыл толады. Өскен, білім алған ауылымызға деген алғысымызды осылай білдіргіміз келді, – дейді 1988 жылы туған азаматтардың бірі Нұрлыбек Төлепов.

C9CAEE4B-69DF-4A35-9E67-93B3EFE8B19D

Айтпақшы, түлектер болашақ тоғайларына қоршауды да өз күштерімен орнатпақ. Ағаш егілді, аумақ қоршалды. Көшеттерді енді кім суарады деген сұрақ туады. Біздіңше, жергілікті билік осы жағынан қолдау білдіріп, жастардың бастамасының баянды болуына көмектесуі тиіс.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале