Казталов ауданының Қарасу ауылдық округінің түлектері де туған ауылдарына сыйларын ұсынды.
Мұнда Жұлдыз ауылының 1968, 1969, 1970 жылы туылған мектеп түлектері елді мекеннің кіре берісіне жарық шамдар орнатса, Қарасу жалпы орта білім беретін мектебінің 1993, 2003, 2008 жылдары бітірген түлектері 16 қанат киіз үй тарту етті.
Ал қарасулық 2013 жылғы түлектер ауылға «Құрмет тақтасын» орнатты.
Түлектердің шарасына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Радж Шәріпов, Қарасу ауылдық округінің әкімі Асхат Нұржанов қатысып, ризашылықтарын білдіріп, аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Бекарыс Әбіш,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz