1.02.2023, 15:31
Оқылды: 88

Он көшеге атау беру ұсынылды

Бүгін аудан әкімдігінде Жәнібек аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

7

Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы Ескендір Елемесов ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Алдымен Ескендір Кафарұлы кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Әрмен қарай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асылбек Қамашев биылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекітуді ұсынды. Оның айтуынша, былтыр шетелдіктер үшін туристік жарна нөл пайызды құраса, биыл оның мөлшерлемесі 1 пайызды құрайын болады. Сонымен қатар Жәнібек ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рустам Аманғалиев Жәнібек ауылдық округіндегі атауы жоқ 10 көшеге, дәлірек айтсақ №19 көшеге қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың, №20 көшеге ғалым Әл-Фарабидің, №21 көшеге жазушы Қадыр Мырза Әлидің, №22 көшеге ақын Жұбан Молдағалиевтің, №24 көшеге Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек ханның, №26 көшеге әулие Бекет атаның, №28 көшеге Кеңес Одағының Батыры Николай Чуриковтың, №30 көшеге Ұлы Отан соғысының батыры, ұшқыш Хиуаз Доспанованың, №15 көшеге күйші Құрманғазының есімдерін және №27 көшеге Тәуелсіздік атауын беруді ұсынды.

8

Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібінде айтылған ұсыныстарды бір ауыздан бекітті.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале