ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында халыққа Жолдауын жариялады.
Жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілді. Ең бірінші дүние жүзін жаулаған пандемияның халқымызға келтірген ауыр кеселін айта келіп, болашақта елімізді өркендетудің жаңа іс-қимыл жоспарын ұсынды. Мемлекет басшысы экономика, әлеуметтік-саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді және экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды. Ауданымыздың дамуы тікелей ауыл шарушылығына байланысты болғандықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауыл шарушылығын дамыту жөніндегі Үкіметке берген тапсырмасы көңілімізден шықты. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, кейбір тұрғындардың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Бұл түйткілді мәселелер шешілетін болса, ауыл болашақта гүлденіп, өркендері анық. Осыған орай аудан тұрғындары болып Жолдауда айтылған тапсырмалардың жүзеге асуына атсалысатын боламыз.
Рухолла Саматов,
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары