14.05.2022, 16:24
Оқылды: 45

Өңдеу жұмыстары жүргізіледі

Сырым ауданы әкімдігінде аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, үйірлі және үйірсіз шегірткелерге қарсы бірлескен штаб отырысы өтті.

IMG-20220513-WA0279

Штаб отырысына Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Ерлан Құрмашев, "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" облыстық филиалының басшысы, штаб мүшесі Алтай Алдабергенов, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, штаб мүшелері, сала басшылары қатысты.​

IMG-20220513-WA0281

​Сырым ауданы шегірткемен күресте алдыңғы орындарда. Аудандық аумақтық инспекция басшысы Азамат Өтепов үйірлі шегірткелерге қарсы өңделетін 8,0 гектардың 4,5 мың гектарына мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша "ЗапКазФумигация" ЖШС жер үсті желдеткіш, бүріккіштермен өңдеу, 3,5 мың гектар жер бөлігіне "Магтоксин" ЖШС аэрозольді генераторлармен өңдеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

IMG-20220513-WA0282

​Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Сырым аудандық филиалының басшысы Марат Тоқтаров​ аудан бойынша италияндық прус шегірткесінің қоныстануына мониторингтік зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, түрлі зиянкестердің аудан аумағында шалғынды,​ егістікті жерлерде қанша қоныстанғаны туралы ақпарат берді.

​Қорытынды сөз алған аудан әкімі Төлеген Төреғалиев ағымдағы жылы ылғал мөлшерінің көп болуына байланысты түрлі зиянкестер шығып қалуы мүмкін екендігін, осыған орай аудан орталығындағы құзырлы органдар мен ауылдық округ әкімдері былтырғы жылғыдай көбелек не болмаса, түрлі зиянкестер шыққан жағдайда қаражат көзін ұйымдастырып, жою шараларын бірлесіп атқару керектігін баса айтты.

А.Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале