Алматы қаласының «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында ІІ республикалық білім мен өнер байқауы өтті.
Байқауға Жаңақала ауданының Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінен домбыра сыныбының оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Байқауда Айзере Сүндет, Еркебұлан Ғұмар, Ұлхан Әлшекен І орынды иеленсе, Әділет Садық, Айым Нұрым, Гүлбақыт Қайрат, Наргиза Асылбек, Әнел Аманқос, Ақнұр Фазыл, Айзат Темірхан ІІ орынға табан тіреді.
Ансамбль номинациясында кіші топ пен үлкен топта жаңақалалықтар бас жүлдені жеңіп алып, Түркістан қаласына жолдама ұтты.
Айта кетейік, өнерпаздардың жетекшісі Г. Шуақбаева.
zhaikpress.kz