28.11.2022, 19:30
Оқылды: 42

Өнер барысынан жүлделі оралды

Сырым ауданында облысымыздың мәдениет және өнер қызметкерлері бас қосты. Олар бұл жолы сахнада емес, боз кілемде белдесті.

Қазақ күресінен командалық қарама-қарсы белдесу тәсілімен "Өнер барысы - 2022" облыстық турнирі өтті. Аталмыш турнирде Бөрлі ауданының намысын қорғаған аудандық демалу орталығы қызметкерлерінің командасы ІІІ орынға ие болды.

IMG_20221128_192715

Олардың арасында аталған орталықтың режиссері Мәлік Ерасыл, әнші Алдаберген Аймағамбетов, ақын Жарқынбек Шынтаев, актер Ернар Төлеуов, Бөрлі ауылдық мәдениет үйінің директоры Мейрам Хайров, Успен ауылдық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі Абат Абдрахмановтар бар.

Турнирге Сырым, Казталов, Бәйтерек, Жаңақала, Бөрлі ауданы және Орал қаласы командалары қатысты.

С. Көшекбайқызы,

Бөрлі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале