Үлгілі «Қыз Жібек» ансамблінің жетекшісі, Казталов ауданының «Құрметті азаматы» Баян Қабиева отбасымен сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Әнші, сазгер Баян Құбайқызы бұл сайлаудың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
«Бүгін халқымыз үшін маңызды күн. Мен де барша халықпен бірге елдегі айтулы саяси іс-шараға үн қосып, сайлауда өз дауысымды бердім.
Сайлауға қатысу – жауапкершіліктің көрінісі және әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы деп санаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» -деді.
Әсем Халиуллина,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz