21.05.2024, 17:49
Оқылды: 36

Өнер майталмандары марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті. Салтанатқа Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Бейімбет Ғиззатов қатысып, ауданда мәдениет пен өнердің дамуында үлесі сүбелі жандарды құттықтады.

IMG_0848

– Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты. Ақжайық – арынды ақын, өн бойы өнер тұнған шамшырақтарымен, бай дәстүрімен танылған өңір. Осы белесімізді аласартпай, алдыңғы буынның өнер жолын жалғастырып келе жатқан сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, шалқар шабыт тілеймін. Өнер әлеміндегі жетістіктеріңіз биік шыңға жетелеп, армандарыңыз асқақ болсын! – деді ол.

Айтулы мерекеге орай облыстық мәдениет басқармасы басшысының алғыс хатымен аудандық мәдени- демалыс орталығының балалар ісі жөніндегі әдіскері Рахым Жанайысов, Бударин ауылдық мәденет үйінің «Жайдарман» әжелер ансамблінің концертмейстері Бибігүл Қамалова, аудандық мәдени-демалыс орталығының суретші-безендірушісі Мақсат Шанаев, осы орталықтың экономист-менеджері Гүлдәурен Ахмедиярова, облыстық халық шығармашылығы орталығы басшысының алғыс хатымен орталық әдіскері Ләззат Капашева, мәдени ұйымдастырушысы Эльмира Ермек, Тайпақ ауылдық мәдениет үйінің «Жайық сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Аслан Бейбіт, Мерген ауылдық мәдениет үйінің жетекшісі Құрмет Қуанышқалиев, Ақжол ауылдық мәдениет үйінің хореографы Айдана Жүсіпқалиева марапатталды.

Сонымен қатар бірқатар өнер иелері, сала қызметкерлеріне аудан әкімінің, «AMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасының алғысхаты табысталды.

Әрмен қарай мерекелік шара мәдениет қызметкерлері арасынан үздіктерді анықтаған «Қызық премия» марапатымен жалғасты.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале