16.08.2023, 11:01
Оқылды: 45

Өнер майталмандары туған жерге келді  

 

Казталов аудандық орталықтандырылған кітапхананың мәжіліс залында Казталов ауданында туып, өсіп-өнген танымал өнер адамдарымен кездесу өтті. Кездесуде алғаш болып сөз алған аудан әкімі Асланбек Сарқұлов кездесудің мақсатын айтып, келген жерлес азаматтарға деген игі пейілін білдірді.

367716585_739649294837965_2887243643772384070_n

Басқосуда аудан әкімі ауданның бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауданда қолға алынып жатқан инфрақұрлымдық жобаларға тоқталды. Білім, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы, құрылыс бағыты да жасалып жатқан бірқатар жұмыс жөнінде мәліметтермен бөлісті.

Елге келген азаматтардың алдында елдің бүгінгі тыныс-тіршілігі баян етілгеннен соң, мәдениет саласының алдында тұрған үлкен міндет – қазан айына жоспарланған облыс төрінде қойылатын концерт жайы талқыға түсті.

Мерекелік концерт жобасына театрландырылған қойылымды қосу, оркестрдағы адам санын көбейту, өнер ұжымдарын біріктіріп ұсыну немесе ұрпақтар сабақтастығы ретінде аға буын өкілдері мен жастардың орындауындағы концерттік нөмірлерді дайындау секілді тың ұсыныстар айтылды.

367679759_739649348171293_4402546499131982307_n

Сонымен қатар аудан көрмесінде өзімізге тән тың дүниелердің болуы және оларды шеберлердің өз қолдарымен жасап көрсетуі үлкен әсер сыйлайды деген пікірлер де ортаға салынды.

Кездесуде облыс орталығында еңбек етіп жүрге өнерпаз азаматтар концерттік бағдарлама барысындағы техникалық жұмыстың барысы, жарық, дыбыс қою, LED-экранды пайдалану жайында кеңестерін берді.

Кездесуден соң Казталов топырағында туып өскен жерлес өнер майталмандары туған жерге сапары барысында аудан төрінде түрлі жанр бойынша шеберлік сабақтарын өткізбек.

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале