18.02.2021, 9:30
Оқылды: 48

Өнер саңлағына арналды

Жәнібек аудандық мәдениет үйінің фойесінде КСРО Композиторлар одағының мүшесі, композитор Қапан Мусиннің туғанына 100 жыл толуына орай «Симфония әлемінде самғаған өнер саңлағы» атты кеш өтті.

F8F7E57E-4C0D-4396-BDF8-7AE81719D6D1

Кешті тізгіндеген аудандық демалыс орталығы директорының орынбасары Лариса Абдуғалиева кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырған симфония саңлағының жүріп өткен жолдары, отбасы, шығармашылық шыңы туралы таныстырып, баяндап отырды. Шара барысында аудандық «Жәнібек сазы» халықтық-фольклорлық ансамблінің орындауында «Қолбасшы», «Адай» күйлері күмбірлесе, мәдениет саласының үздігі, аталмыш ансамбльдің көркемдік жетекшісі  Анаргүл Кенжеғалиева Қапан Мусиннің «Балладасын», жас өнерпаз Қажымұқан Хамидолла ұлы өнер иесінің туындысы «Почтальон» әнін заманауи үлгіде орындап, кештің көркін қыздырды.

65042842-0954-4235-9940-F0A20EF9BF6C

Көрерменге кеш барысында ұлы композиторға арналған видеороликтер көрсетілді. Елде орын алған карантиндік шектеу шараларына байланысты тума таланттың мерейтойын аудан көлемінде тойлауға мүмкіндік болмады. Әйтсе де жиында болашақта қайраткердің мұрасын насихаттап, есімін ұлықтау мақсатында атқарылар көптеген жоспарлар айтылды.

Ә. Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале