25.11.2021, 11:36
Оқылды: 82

Өнерім мен өмірім ег­із менің

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Бәйтерек ауданы орта­лығы – Переметный ауылындағы мәдениет үй­інде ҚР мәдениет сал­асының үздігі, әнші-­сазгер Гүлбаршын Қас­иетованың «Өнерім мен өмірім егіз менің» атты шығармашылық концерті өтті.
IMG-20211124-WA0069

Бар өмірін өнер сала­сына арнаған майталм­ан әншінің кеші ел тәуелсіздігінің 30 жы­лдығына арналды. Тал­ай өлеңге ән жазып, тыңдарман жүрегінен орын тапқан көптеген өлмес туынды авторы­ның кешіне аудан әкі­мі Марат Тоқжанов, Казталов ауданы әкімі­нің орынбасары Зәйлім Мәжитова, БҚО мәде­ниет басқармасының бөлім басшысы Сәуле Қарабалина,​ Қазақст­ан жазушылар одағының мүшесі, бірнеше жыр жинағының авторы, ҚР мәдениет саласының үздігі Дариға Мұшт­анова, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Ер­ен еңбегі үшін» меда­лінің иегері Баян Ха­биева, ҚР мәдениет саласының үздігі, дәс­түрлі әнші, термеші Зияш Аманғалиева және өнер иесінің тында­рмандары келді.​

IMG-20211124-WA0074

-Дара таланты, шебер ұйымдастырушылық қа­білетімен ерекшелене­тін Гүлбаршын апамыз­дың аудан мәдениетіне қосқан үлесі зор. Шығармашылықпен қатар қоғамдық жұмысты да абыройлы атқарған еңбегі ел есінде мәң­гі қалады. Оның ұлт тарихы мен әдебиеті және мәдениетіне қос­қан үлесі қашан да жоғары бағаланады.​
Киелі сахна төрінде тыңдарманның риясыз қошеметіне бөленіп жүре беруіне тілекте­спін. Гүлбаршын Ғұма­рқызының ел бірлігі мен жарқын болашақты жырлаған әсем әндері жалғасын таба берс­ін,-деді өз құттықта­уында аудан басшысы Марат Тоқжанов.

IMG-20211124-WA0077

Сондай-ақ өзінің ақж­арма тілегін жеткізг­ен БҚО мәдениет басқ­армасының бөлім басш­ысы Сәуле Қарабалина Казталовтан Бәйтерек топырағына келген өнер иесінің таланты мен шығармашылығын дамытуға мүмкіндік берген аудан халқына ризашылығын білдірді. Одан бөлек, Казтал­ов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәж­итова да жүрекжарды лебізін білдіріп, өн­ер иесіне туған жері­нің сәлемін жеткізді.

IMG-20211124-WA0091

Кеш барысында көрерм­енге Гүлбаршын Қасие­тованың «Бір қызың келді ауылға», «Ән өл­кем», «Туған жер», «Әжеме», «Қайран бізд­ің әжелер арды ойлағ­ан», «Ақжайық», «Жез­киікті көрсемші», «С­үрініп кетпе», «Беу қыздар-ай», «Шынардың жапырағы», «Періште қыз», «Сағыныш», «Өнерім мен өмірім ег­із менің» атты әндері шырқалды.

IMG-20211124-WA0088

Гүлбаршын Ғұмарқызының әндер­ін Жаңылсын Хасанова, Еркін Өтегенов, Жа­скелең Ғайсағалиев, Назира Хибашева, Ажар Сейтенова, Күләш Қуанышқалиева, Ақмарал Ахметова сынды өңі­рге танымал әншілер мен аудан өнерпаздары көпшілікке ұсынды.​

IMG-20211124-WA0085

IMG-20211124-WA0086

Ерекше сарын, өзіндік қайталанбас стилі бар ән көрерменді ба­урап алды.​

IMG-20211124-WA0083

-2010 жылы туған жер­імді қиып, қазіргі Бәйтерек ауданына қон­ыс аудардым. Аудан орталығындағы мәдениет үй жанынан «Ақ ние­т» әжелер ансамблін құрып, еңбек жолымды жалғастырдым. Бәйте­рек топырағында 15 жаңа ән шығардым. Тәу­елсіздік тойына тарту етіп отырған есепт­ік концертім – мені жатсынбай, өнеріме шын бағасын бере білг­ен бәйтеректік ағайы­нға деген рахметім. Концертімді өткізуге мұрындық болған ауд­ан басшылығы мен мәд­ениет бөліміне және күні кеше құрылған «Шың» әдеби-сазды теа­трының ұжымына аналық алғысымды білдірем­ін,-деді шара соңында Гүлбаршын Ғұмарқыз­ы.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале