4.11.2023, 21:41
Оқылды: 42

Өнерлі отбасылар – аудан сәні

Жәнібекте өрісі кең өнерлі отбасылар көп. Бірі әулетімен ән мен жырға жақын болса, бірі атадан балаға мұра болған небір кәсіпті асықша шиырып отыр. Облыс көлемінде үлгілі отбасылар насихатталып, түрлі байқаулар ұйымдастырылса Жәнібек ауданының мерейі де әрдайым өседі.

FB_IMG_1699092266489

Көптеген жетістіктерді ескерген аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жақсылық Абдолов үлгілі отбасыларды қабылдады. Жуырда өткен облыстық «Еңбек жолы» байқауына қатысып, «Үздік еңбек әулеті» аталымына ие болған Кәрімовтер әулеті облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың алғысхатымен марапатталған болатын. Сондай-ақ «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында отбасы институтының мәртебесін арттыру, соның ішінде бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыруға бағытталған облыстық, аудандық шараларға белсене қатысқан Досқалиевтер әулетін ұмытуға әсте болмайды.

FB_IMG_1699092261712

Жақсылық Каримоллаұлы қос отбасыға алғысын жаудырып, лебізін білдірді. Ол өз сөзінде:

- Үлгілі отбасы болудың құндылықтарын бойдағы асыл қасиеттеріңізбен насихаттап жүргендеріңіз біздерді қуантады. Сіздердей жанұяларды қолдау, ел алдына шығару аудан әкімдігінің міндеті. Алдағы уақытта да өнерлі де дарынды отбасылармен келелі істерді бірігіп атқарамыз деген ойдамыз,- деді.

FB_IMG_1699092263926

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале