28.10.2021, 16:50
Оқылды: 40

Өнерпаздар есептік концерт берді

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде өлке өнерінде өзіндік өрнегі бар, жылдар бойғы еңбегі мен аудан мәдениетінің мәйегіне айналған халықтық екі ұжым, "Арай" вокалды аспаптар ансамблі мен "Хор" ұжымының Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік толғауы" атты есептік концерті өтті.

31

Концерт Халықтық "Арай" ансамблінің сүйемелдеуімен ор ұжымының орындауындағы "Мен қазақпын" әнімен ашылды. Концерт барысында екі ұжымның шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, қыз-жігіттердің вокалды топтарының орындауындағы, "16 қыз", "Сәулем-ай" әндерімен жалғасын тапты.

32

Әншілер "Арай" вокалды аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен әндер орындап көрермендерді тәнті етті. Меркелік шара соңы хор ұжымының орындауындағы "Атамекен" әнімен аяқталды.

29

Әдемі көңіл күй сыйлаған қос ұжымға аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова өз тілегін білдіріп, алғыс хат табыс етті.

Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале