Оралдағы Нұр-Ер ат кешенінде ересектер арасында көкпардан Орал қаласы әкімінің кубогі өткізілген болатын.
Дүбірлі додаға Ақтөбе облысынан, Орал қаласынан, көптеген ауданнан командалар қатысып, бақ сынады.
Облыс бойынша талай жарыста алдыңғы орындардан көрініп жүрген шыңғырлаулық «Бөкенбай батыр» командасы тартысты көкпар ойынының финалында Ақтөбелік құраманы 1:0 есебімен жеңіп, кубокты ұтып алды. Үздік ойыншы болып шыңғырлаулық Нұрмағамбет Жәндібеков танылды.
Осылайша «Бөкенбай батыр» командасы жерлестерін, жанкүйерлерін тағы бір жеңісімен қуантты.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz