5.06.2017, 15:41
Оқылды: 58

Оралдан олжалы оралды

Жуырда Орал қаласында Қазақстанның халық әртісі Қали Жантілеуовтың 115 жылдығына арналған І республикалық балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылық конкурс-фестивалі өтті. Өнерлілер сайысын «Жеті өнер» шығармашылық орталығы ұйымдастырды.

Аталмыш сында Теректі аудандық №2 саз мектебі оқушысы Аңсағаным Сапарова «Дәстүрлі ән өнері» номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ІІ дәрежелі лауреат атанды.

Аңсағаным халық әні «Ақ еркені» құйқылжытып, тәжірибелі мамандардың жоғары бағасына ие болған.

Байқауда жүлде салған талант ұстазы Дәурен Жұмағалиевтің еңбегін ерекше айтады.

Әділет ЗЕРЕ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале