19.03.2024, 16:31
Оқылды: 56

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

Теректі ауданында тұңғыш рет жарапазан ұйымдастырылды. Теректі аудандық мешітінің бастамасымен өткен жарапазан көпшілікті таңқалдырмай қоймады.

жарапазан +

Өздеріңізге белгілі, жарапазан - қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп жарапазан айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып, жарапазаншыларды риза етіп жіберетін.

жарапазан 1

Бүгін теректілік тұрғындар да жарапазаншыларды құр қол шығармады. Дәстүрлі әнші, ұстаз Дәурен Жұмағалиевтің шәкірттері «Айтамын жарапазан есігіңе» деп кірген үйдің ақсақалдары олардың қалталарына тәтті толтырып,  батасын берді.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале