«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын».
Дана Абайдың осы өлеңіндегі «Ұзын қайың» деген тіркесті «Қарағайдың» деген сөзбен алмастырсақ, Орда орманының бүгінгі аянышты көрінісі айнақатесіз шыға келер еді. Жарықтық классика, өлмейтін, өшпейтін өлең деген осы емес пе?! Хан ордасы ауылының іргесі Жасқұстан басталатын қарағайлы аймақ бұдан әрі Қандыағаш №41-дің қарағайы және №3, №4, №5, №6, №7 болып жалғаса береді. Ең шеті алпыс шақырымға дейін созылатын Орданың құмға отырғызылған орманын түгелдей аралап шығу үшін оған техниканың ең мықтысы, ал адамға әжептәуір шыдам мен төзім қажет екен. Әйтпесе, оның бағы мен сорын ажырата қою қиынға түсетінін сезіндік. Дегенмен нартәуекел, не бел кетер, не белбеу кетер деп қарағайлы орманның ортасымен жүріп кетіп едік. Естігенімізді емес, көзбен көргенімізді айтса, Абай суреттеген өлімсіреген ағаштар аракідік алдымыздан ұшырасып отырды.
Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 14 мамырдағы №39 санынан оқи аласыздар.
Темір Құсайын,
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері,
Хан ордасы ауылы, Бөкей ордасы ауданы