10.10.2024, 0:00
Оқылды: 5

«Орда жұлдызы» газеті редакциясы «Қазпошта» ұжымын төл мерекесімен құттықтады

9 қазан – пошташылардың төл мерекесі. Бөкей ордасы ауданы орталығындағы «Қазпошта» байланыс торабының әр күні қарбаласқа толы десек артық айтпағанымыз. Мекеменің табалдырығын аттаған адамның түрлі шаруасы болары анық. Зейнетақы, жәрдемақы алу, қалаларға сәлемдемелер жіберу, газет-журналға жазылу, түрлі төлемдер төлеу, тағы басқалай да қызмет салалары осы ғимараттың ішінде жүзеге асырылады.

IMG-20241009-WA0065 (1)

Бұл жерде бүгінде түрлі мамандық саласында халыққа қызмет көрсететін 17адам бар. Олардың арасында аудан орталығында 2 , округтерде 6 пошта тасымалдаушы, төлемдер қабылдауда үш оператор халыққа қызмет көрсетуде.

Төл мерекеге орай «Қазпошта» ұжымын құттықтай барған аудандық «Орда жұлдызы» газетінің бас редакторы Ұлпан Жакина тілегін арнап, сый-сыяпатын ұсынды.

- Бақ пен пошта егіздің сыңарындаймыз. Біз газет шығарсақ, сол газетті оқырманға жеткізуші өздеріңіз.

Пошта – қоғам қажеттілігін өтеп, сан ғасыр өтсе де, маңызын жоймаған көнеден келе жатқан кәсіп. Жалақысы мардымсыз болса да, жауапкершілігі зор мамандық. Сіздер - ауыл мен қаланың, ел мен елдің, ағайын мен туманың арасын жалғаған алтын көпірсіздер.

Сіздерді тағы мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз, - деп жылы лебізін арнады.

Өз кезегінде мекеме басшысы Алтынай Әбуова да құрмет көрсеткен редакция ұжымына алғысын білдірді.

Ұлпан Әнуарқызы, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале