Бөкей ордасы ауданы басшысы Нұрлыбек Даумов Хан ордасы ауылына арнайы барып, «Айнара» сұлулық салонының ашылу салтанатына қатысты.

Ордалық Нұрсезім Ғайсинова салон ашуына отбасы мен азаматының үлкен қолдау көрсеткенін айтып, ризашылығын білдірді.

Нұрсезім – көпбалалы ана. Үй тірлігімен бірге сұлу көрінгісі келетін ауылдас қыз-келіншектерге қызметін көрсетіп келген. Енді өзі жетік меңгерген кәсібін жаңа деңгейде дамытқысы келеді. Осы мақсатта салон салып, жерлестеріне сапалы қызмет түрін ұсынбақшы. Өзімен қоса ауылдас үш шеберді де осы салон жұмысына тартып отыр.


Салтанатты шара барысында аудан басшысы Нұрлыбек Даумов жас кәсіпкердің ісіне сәттілік тілеп, нысанның ашылуымен құттықтады.

«Ақбота» бөбекжайының директоры Аягөз Түсіпқалиева да салон иесі Нұрсезімге табыс тіледі.
Еркебұлан Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы