6.08.2018, 18:08
Оқылды: 32

«Өркен» Қырғызстанда жеңіске жетті


Теректілік «Өркен» балалар ансамблі (жетекшісі Гүлназ Құсайынова) көршілес Қырғызстан мемлекетінде өткен халықаралық ән байқауында І орынға ие болды.


теректі

«Ыстықкөл толқынында» деп аталатын ән додасының вокал аталымы бойынша 10-нан астам балалар ансамблі мен жеке орындаушылар қатысқан. Алайда, ел намысын қорғаған «Өркеннің» жас таланттары ел абыройын асқақтатып, жеңістің ең биік тұғырына жайғасты.

Вокалды ансамблдің жетекшісі Гүлназ Рақымғалиқызының айтуынша, ән додасында бәсекелестік өте жоғары  болған. Үміткерлердің дайындықтары да, сахналық киімдері де бір-бірінен асып түседі. Ансамбль жетекшісі халықаралық деңгейдегі байқауға қатысуға мүмкіндік беріп, қолдау танытқан аудан әкімі К.Жақыповқа және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылығына алғыс білдіреді.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале