16.05.2025, 12:15
Оқылды: 419

Өркені жайылған үлгілі отбасы

Жаңақала аудандық Отбасын қолдау мекемесі 15 мамыр – Отбасы күніне орай елге еңбегі сіңген жанұяны құттықтады. Көш бастаған бөлім басшысы Бақытжамал Мақанова кейуана мен қарияға мерекелік лебізін білдіріп, алғысхат пен сыйлық табыс етті.

image-15-05-25-07-12-2

Әрі қарай, шаңырақ иесі байырғы полиция қызметкері, жетпісті еңсерген ақсақал Болат Шамұратұлы мен 40 жыл ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған ақ жаулықты әжей Фарзяна Файзрахманқызы ыстық ықыластарымен бас сұққандарды ақ дастарханға жайғастырды.

image-15-05-25-07-12-4

Үлгілі отбасы бүгінде 4ұл 1 қыз тәрбиелеп, 14 немере мен 4 жиеннің қызығын көріп отыр. Үлкендер өздерінің ақыл-кеңестерімен бөлісе отыра, ақ батасын берді. Содан соң, естелік суреттерге түсіп, өз алғыстарын жеткізді.

#Отбасылыққұндылықтар

Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале