Ақжайық ауданында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамына байланысты атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру бойынша көптеген шара атқарылуда. Соның бірі ретінде «Өрлеу» пилоттық жобасы шеңберінде жүргізіліп жатқан қам-қарекеттерді айтуға болады.
2016 жылы 58 отбасы, соның ішінде 292 адамға 9,6 млн. теңге қайтарымсыз шартты ақшалай көмек төленіп, тұрмыс жағдайларын жақсартты. Бағдарламаның мақсатына сай, олардың арасындағы еңбекке қабілетті 69 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Атап айтсақ, 16 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 6 тұрақты жұмысқа, біреуі жастар тәжірибесіне және 46 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.
«Өрлеу» жобасы биыл және 65 отбасына «жетті». 2017 жылғы бағдарламаны жүзеге асыруға 15,1 млн. теңге, соның ішінде, республикалық бюджеттен 8,5 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 6,6 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығына 30 отбасы – 158 адам қатысып, төленген 6,8 млн. теңге шартты ақшалай көмекке жеке қосалқы шаруашылықтарына 24 бас ірі қара, 177 қой-ешкі, 45 үй құсын сатып алып, өсіруде. Мысалы, солардың бірі - Чапаев ауылдық округіндегі Жайық елді мекенінің тұрғыны Ғабит Араловтың көпбалалы отбасы. Бұрын жұмыстың реті келмей жүрген ол бағдарлама аясында Жайық негізгі мектебіне тұрақты жұмысқа орналастырылды. Отбасына төленген 211944 теңге шартты ақшалай көмекке ауласына 2 бас ірі қара малын сатып алды.
– Табысы аз тұрғындарға тиімдісі – жоғарыда айтылғандай, олар бағдарлама аясында алған шартты ақшалай көмекті кері қайтарып бермейді, бұл бұрын-соңды болмаған мүмкіндік. Осындай жұмыстар нәтижесінде кедей отбасыларының саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 56,4%-ға немесе 31 отбасына азайды, ал тұтас 2016 жылмен салыстырғанда 61 пайызға немесе 39 отбасына азайып отыр,-дейді Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Мәншүк Байбарақова.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz