19.10.2025, 15:00
Оқылды: 116

Орман ісі Ордадан басталған

Қазақстандағы ең алғашқы кәсіби орман шаруашылығы мамандарын даярлайтын оқу орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Хан Ордасы ауылында ашылған.

43999932-5ee8-43db-8de3-e30f7ffcf81a

Тарихы тереңінен сыр шертіп, уақыттың сынынан сүрінбей өткен қастерлі мекен –  Хан Ордасындағы қарағайлы орманға көз салған жан тарихтың ізі мен табиғаттың ғажайып сыйын қатар көреді. Яғни, құмды құшағына алып, кең далада,көкке бой созған әрбір қарағай тарихтың тірі куәгері. Ол – ел еңбегінің, халық қамын ойлаған ерлердің аманаты десек те болады.

Орда орманының тарихы Жәңгір хан есімімен тығыз байланысты екені баршаға аян. Халқына білім мен ғылымды таратумен қатар табиғатты қорғау ісіне зор үлес қосқан хан Жәңгірдің ең маңызды істерінің бірі – Нарын құмында орман өсіруі. Бұл – қазақ даласындағы алғашқы қолдан егілген ормандардың бірі еді. Жәңгір хан сусыма құмнан ауылды қорғау мақсатында, 1831 жылдан бастап хат жазып,1832 жылы Ресейдің Саратов қаласынан емен, қарағаш, қайың көшеттерін алдыртып қана қоймай, 1839 жылы Ресейде қазақ балаларының орман шаруашылығы институтында,жол қатынас корпусында және азаматтық инженерлік училищелерде оқып білім алуына да қол жеткізген екен.

Ал, өз елімізде орман шаруашылығы саласына оқытатын оқу орны, Хан Ордасында 1890 жылы құрылған Нарын орман шаруашылығы жанынаносыдан 115 жыл бұрын ашылғанын бірі білсе, бірі білмейді. Яғни, Қазақстандағы ең алғашқы кәсіби орман шаруашылығы мамандарын даярлайтын оқуорны Хан Ордасында ашылған.

Хан Ордасы музей-қорығының қоры іздестіру, зерттеу, мұрағаттарда жұмыс істеу нәтижесінде толығып отырады. 2024 жылы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінен алынған көптеген құжаттардың ішінде Ордада ашылған Жасқұс төменгі орманшылар мектебі жөніндегі құнды мәліметтер бар. Солардың бірінде: «1 қыркүйектен бастап Хан ставкасындағы Жасқұс орман шаруашылығында екіжылдық төменгі орманшылар  мектебі ашылады. Мектепке жасы 16-дан кем емес, тексеріс емтиханынан өткен және кем дегенде екіжылдық ауыл мектебін тәмамдағандар қабылданады. Оқу курсын аяқтағаны туралы куәліктен бөлек, денсаулық жағдайы туралы анықтама да қоса тапсырылады. Мектепке қазына есебінен және өз қаражатына оқитын шәкірттер қабылданып, өз есебінен оқитындар жылына 155 рубль жарна төлейді. Мектепке түсу туралыөтініштер 1910 жылдың 1 қыркүйегіне дейін көрсетілген құжаттармен бірге Жасқұс орманшаруашылығы мектебінің меңгерушісінің атынаХан Ордасы мекенжайына жолданады. Емтихан күні мектеп меңгерушісі тарапынан белгіленеді»деп жазылған. Алайда аталған күні орманшылар мектебінің ашылмағандығын 10 қыркүйекте Мемлекеттік мүлік басқармасының Жасқұс орманшаруашылығына жіберген хатынан аңғаруға болады. Хатта Орман шаруашылығы департаментіне мұғалімдер болмағандықтан орманшылар мектебін дереу ашу мүмкін еместігінхабарлаған. Оған қайтадан жеделхат жіберген департаменттің вице-директоры Тройцкий«Мектепті дереу ашып, қабылдауды бастау қажетекенін, оқытуды алғашқы уақытта меңгерушінің басшылығымен орманшы Бобковтың көмегі арқылы жүргізуге рұқсат бергендігін, 27 қыркүйекте қабылдау емтихандарын бастап, мектепті                       30 қыркүйектен кешіктірмей ашуды тапсырады». Осыған байланысты                  14 қыркүйекте Жасқұс орман шаруашылығы мектебінің меңгерушісі А.Ефимов Астрахан губерниясының мемлекеттік мүлік басқармасынаорманшылар мектебіне қабылдау емтихандары 27-29 қыркүйек аралығында өтетінін, ал ашылу салтанатын 30 қыркүйектен 1 қазанға ауыстыруды сұрайды.

Жасқұс орманшылар мектебіне алғашқы жылы 17-23 жас аралығындағы екі және төрткластық қалалық училищелерді бітірген               11 шәкірт қабылданған, олардың жетеуі мемлекеттік қаржы есебінен, екеуі жартылай мемлекеттік, екеуі өз қаражаты есебінен оқыған. 1910 жылы Жасқұстөменгі орманшылар мектебіне қабылданғантәрбиеленушілер туралы мәліметтерде «Есқалиев Сабырғали 18 жаста. Тегін оқуға қабылданған.Тарғын қисымынан, 1910 жылы Хан Ордасындағы 4 кластық қалалық училищені бітірген» деп жазылған. Ол орманшылар мектебінде алғаш оқыған жалғыз ғана қазақ болатын.  

Ал, 1911 жылы қабылдау емтиханына 23 бала қатысып, олардың ішінен тоғызы оқуғақабылданып, бесеуі мемлекеттік қаржымен, төртеуі жартылай мемлекеттік қаржымен оқыған. 1912 жылы 1 қаңтарда есеп бойынша мектептегі тәрбиеленушілер саны 20 болған. Жастары 17-24 жас аралығындағы 1 сыныпта 9 бала, 2 сыныпта 11 бала оқыған. Дәл осы жылы 29 қыркүйекте 16-23 жас аралығындағы 14 тәрбиеленушінің арасында тегін оқуға, 19 жастағы Ішкі Қазақ ордасының Қамыс-Самар қисымынан келген Сабыров Ғұмар деген тағы бір қазақ баласы қабылданған.Құжаттардың арасында Хан Ордасындағы төрткластық қалалық оқу орынды тәмамдаған Сабыров Ғұмардың Жасқұс орманшылар мектебінің меңгерушісіне мектептегі мемлекеттік қаржы есебінен оқитын тәрбиеленушілердің қатарына қабылдануы үшін емтиханға қатысуынсұрап жазған өтініші бар. Сондай-ақ, Екінші Теңіз жағалауы қисымы әкімінің көмекшісі Хұсайын Жүнісұлы Танашев, Астрахан ерлер гимназиясының тәрбиеленушісі, жасы 17-дегі ұлы Салық Танашевті, Екінші Теңіз жағалауы, №3 болысының қазағы Ғұбаш Жүнісұлы Танашев,Астрахан ерлер гимназиясының тәрбиеленушісі,16 жастағы ұлы Насух Танашевті орманшылар мектебіне қабылдауын сұрап өтініштер жазған.Алайда, мектеп меңгерушісі өтініш иелеріне қабылдау емтихандарына үлгермегендіктен 1913 жылға дейін балаларын тәрбиеленіп жүрген оқу орындарында қалдыруды жөн көріп хабарламажіберген.

Бұл оқу орнының негізгі мақсаты – орман шаруашылығына қажетті мамандар даярлау болатын. Мұнда оқушыларға ағаш отырғызу, көшеттерді күту, орманды қорғау, табиғатты аялау жолдарын үйретуден басқа ғылыми пәндерде оқытылған. Олар: геодезия және геодезия бойынша тәжірибе жұмыстары, (тәрбиеленушілер кемінде үш апта бойы Жасқұс аумағындағы орманды ретке келтіруге қатысқан), орман шаруашылығы бойынша тәжірибелік жұмыстары, (тәрбиеленушілер орман шаруашылығы маңындағы«Қандағаш», «Жасқұс», «Орда» питомниктерінің жасақталуына, қарағай, жиде, жүзгін тұқымдарын егуге, көшеттерді қазып алып, қыс мезгілінде сақтауды ұйымдастыру жұмыстарына  қатысқан),орыс тілі, сызу, құрылыс өнері, орманшаруашылығы, математика, физика, химия, ботаника, зоология, арифметика, құқықтану және орыс балалары үшін Құдай заңы сабақтары оқытылған. 21-22 сәуір мен 2 мамыр күні Жасқұс төменгі орманшылар мектебінің педагогикалық кеңестері өткен. Кеңес шешімі бойынша бірінші, екінші сыныптар үшін өтетін емтихандардың уақыты мен пәндері хабарланған.

Үй-жайына келер болсақ, алғашында орманшылар мектебіне уақытша жалдамалы ғимарат қараған кезде екі үйге таңдау жасалған. Біріншісі шіркеу маңындағы Пшеничнованың төрт бөлмелі үйі, екіншісі Уразовтың екі қабатты үйі.Негізінен Орман шаруашылығының меңгерушісі мектепке шіркеу маңындағы үйді қолайлы көрген. Ал, Уразовтың екі қабатты үйі «одан кеңірек,алайда ол өте суық,  ас үйі де күрделі жөндеуді қажет етеді», - деп жазылған. Ал, 1911 жылы 1 наурызда екі қабатты мектеп ғимараты өртенгені жөнінде мектеп меңгерушісі  А.А.Ефимов жеті адамның қатысуымен акт толтырғанына қарап екі қабатты үйдің таңдалғанына болжам жасауға болады. Сол кезде мектептің барлық оқу құралдары мен орман шаруашылығына қатысты кітаптары, жиһаздары, кеңсе құжаттары, тәрбиеленушілердің жеке заттары т.б өртте қалып көп шығынға ұшыраған.

Мұрағат құжаттарының ішінен 1911 жылы 11 наурызда сызылған Жасқұс орманшылар мектебіғимаратының жобасын да кездестірдік.

Мектептің жеке кітапханасында 1912 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша  106 атаумен, 355 дана кітап болған.

Әзірге қолда бар құжаттар бойынша орманшылар мектебінің құрылу тарихы осы. Бұл мектеп 1922 жылға дейін қызмет етті дейді көзкөрген ауыл тұрғындары. Жасқұс орманшылар мектебі ғимараты әлі күнге дейін сақталып тұр. Бұл ғимаратта кейінгі уақыттарда Дзержинский атындағы балалар үйі, санаториялық мектеп-интернаты, пионерлер лагері орналасты. Қазіргі кезде тұрғын үй.

Биыл міне, Нарын орман шаруашылығының құрылғанына 135 жыл, орманшылар мектебіне 115 жыл толып отыр. Егер Орданың батыс бетіне Жәңгір ханның ағаш көшеттерін 1832 жылдан бастап ектіргенін, оны қорғау үшін арнайы қорықшылар тағайындағанын ескерсек, орман тарихы тереңге кетеді.

Мира Құтышева

Хан Ордасы музей-қорығының  

 жалпы тарихты ғылыми-зерттеу

бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале