Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде тоғайдың қар қалың жерлерінде аңдарды қолмен қоректендіру жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы 20 күнде 50 центнер шөп, 30 тонна жем, 1500 дана буылған бұтақша, 50 келі тұз арнайы алаптарға, астауларға таратылды.
«Жайықтың су қоймаларындағы балықтардың тұншығуына жол бермеу мақсатында 22 майна, 260-тан аса ойық ойылды»,- дейді мекеменің аңтанушысы Талғат Душаев.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы