20.10.2024, 12:30
Оқылды: 8

Орманшылар күніне орай спорттық жарыс өтті

Биыл Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің құрылғанына – 75 жыл. Мерейлі датаны және орман шаруашылығы қызметкерлерінің күнін бұл мекеме облыстық деңгейде дүркіретіп атап өтті.

IMG-20241020-WA0007

Облысымыздың түкпір-түкпірінен орманшылардың 10 командасы кеше Тайпақ спорт кешенінде жиналып, спорттық сайыстарда өзара мықтыны анықтады.

Атап айтсақ, бұл жарыста сала мамандары волейбол, табантартыс, арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, мылтық атудан сынға түсті.

IMG-20241020-WA0011

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Денис Умашев орманшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қызметінің маңызын атап өтті.

IMG-20241020-WA0010

Жалпыкомандалық есепте жарыс иелері Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жеңімпаз атанса, ордалық орманшылар екінші орынға табан тіреді. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Орал қаласының командасы көтерілді.

Әсем Есбек,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале