28.10.2020, 14:14
Оқылды: 60

Өрт қауіпсіздігі - басты назарда

Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №24, №22 өрт сөндіру бекеттерімен бірлесіп, аудан орталығы мен округтердегі тұрғын үй секторларын аралап, профилактикалық-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

5A5295EF-5CC8-4474-8736-F7A8C35466F3

Шараның мақсаты - жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қадағалау. Бүгінде Калинин, Махамбет, Мичурин, Переметный, Дариян ауылдарында 180 тұрғыны бар 72 үй профилактикалық тексеруден өткен.

431D7348-96D1-4F77-B2DC-29E2AAB335AA

-2020-2021 жылғы қысқы кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жылыту кезеңінде тұрғындар арасында алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Тексеріс барысында бірқатар олқылықтар анықталып, ескертулер мен жадынамалар берілді, - дейді Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Жанболат Жасталапов.

 Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале