Қазталов ауданы Жалпақтал ауылындағы №15 өрт сөндіру бөлімінің ғимараты тозығы жетіп, құлау алдында тұрған болатын.
Енді міне, бұл мәселе де шешімін тауып, өрт сөндіру бөлімінің ғимараты жаңадан тұрғызылуда. Бұл жұмыстарға Төтенше жағдайлар комитетінен 50 миллион теңге қаржы бөлінген.
Құрылысты «БатысСтройСервис» ЖШС жүргізуде.
Мөлдір ӘНУАРБЕК,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz