27.06.2025, 17:00
Оқылды: 150

Орталық емес, орда!

Бүгін Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының ресми құрылған күні. 
IMG_3851
Бір жағынан қарасаң боз үйге, бір жағынан қарасаң мөлдір тамшыға ұқсайтын сәулеті салтанатты ғимарат тек Қадыр ақынның жеке жәдігерлері мен 6767 дана кітабы тұрғаны үшін құнды емес. Қадыр орталығы өңір мәдениеті, әдебиеті және өнерінің жүрегі болып соғып тұр. Орталық емес, руханият ордасы деуге келетіндей.
Орталықты әр жылдары Донеділ Қажымов, Бауыржан Халиолла, кейін Серік Тоқмамбетовтей өнердің өз адамдары басқарды. Қадыртану жолында қай - қайсысының да қолтаңбасы бар.
Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов орталықтың қазіргі директоры, қоғам қайраткері, күйші
Дәулеткерей Атауұлын тарихи күнмен құттықтады:
Сіздің ұжымды орталықтың құрылғанына 10 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы, жерлес ақын Қ.Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттап, халыққа жеткізе білудегі өлшеусіз еңбектеріңізге табыстар тілеймін! Ақын мұрасы мәңгілік жасай берсін! - деп жазды әкім.
“Сырым елі”
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале