15.09.2024, 22:23
Оқылды: 142

Орталық референдум комиссиясының төрағасы жастармен жүздесіп, актуалды сауалдарға жауап берді

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Тасқала аудандық мәдениет үйінде Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жастарымен кездесіп, 6 қазанда өтетін референдумның заң аясында өтуі, әр азаматтың даусының маңыздылығы және ел келешегі жастардың саяси науқандағы рөліне тоқталды. Кездесуге Орал қаласы, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарының жастары қатысты.

image-15-09-24-05-57

- 6 қазандағы референдум заңы аясында ұйымдастырылуы үшін орталық комиссиялар құрылды. Осы орайда аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары референдум комиссияларына айналды. 6 қазан күні әр қазақстандық конституцияда көрсетілген заңнамаға сәйкес референдумға қатысып, дауысын еркін беруге құқылы. Біздің басты міндет – саяси науқанның құпиялылығын қамтамасыз ету. Жалпы республикамызда 12 млн дауыс беруші бар. Референдум органдары жүйесінің қатары 70 мың оның ішінде 10 мыңнан астамы учаскелік комиссия. Халықтың басым көпшілігі референдумға барып, дауыс беру оңай деп ойлайды. Алайда ел алдындағы маңызды міндетке салғырт қарауға болмайды.

Қызметтік жолымды 2022 жылы бастадым. Сол жылдан бері әрбір өңірді аралап, халықпен соның ішінде жеке жастармен ашық кездесулер ұйымдастырдым. Өйткені біздің болашағымыз – жастардың қолында. Күні бүгінге 14 000 азаматпен кездесіп барлығының ұсыным-хаттарын өзіме тіркедім. Алда шешу жолдарын қарастырамыз,- деді Нұрлан Мәжитұлы. Сондай-ақ жиын барысында Орталық референдум комиссиясының төрағасы жастар тарапынан түскен сауалдарға толыққанды жауап беріп, кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты.

image-15-09-24-05-58 (1)

- Жастар үшін референдумның онлайн форматта да өткені тиімді. Бұл мүмкін бе?

- Өте орынды сұрақ. Негізінде біздің елімізде электронды түрде дауыс беру бойынша 4 жылдық тәжірибеміз бар. 2003-2007 жылдар аралығында «Е-сайлау» бірқатар учаскілерде болды. Сол жылдары барлық учаскелердің 10% қамтылып, жыл сайын 5%-ға өсіп отырды. Алғашқы жылы 7,8% азаматтар осы аппараттарды қолданып келсе, келесі жылдары оны қолданушылар саны азайып, соңғы уақытта 2,5%-ға дейін түсті. Ол аппараттардың құны бүгінде 25 млрд теңгені құрайды. Қазір бүкіл референдумға бөлінген қаржы тек 15 млн. Арада 20 жыл өтсе де бұл тәсіл сұранысқа ие болмады. Сондай-ақ қашықтықтан дауыс беру өте қымбат. Өйткені киберқауіпсіздік процесі де оңай емес.

- Қазіргі таңда референдумда тек жастардан құралған тәуелсіз бақылаушылар тобын құрауға қатысты сіздің ойыңыз қалай?

- Біріншіден жас аралығында шектеу болмайды. Бақылаушылар тобы зейнеткерлерлерден де құрылуы мүмкін. Мен жастардың тобынан құрылған бақылаушылардың да өз ісін білетініне кәміл сенем. Жалпы осы бақылаушылардың назарымен референдум ашық және әділ өткенін халық көздерімен көрді. Бұл халықтың саяси науқанға деген сенімін арттырады деп ойлаймын.

- Референдумда қанша адамның дауыс беруі оның өткендігінен хабардар етеді?

- 50% дан кем болмауы тиіс.

image-15-09-24-05-58

Салтанат Серікбайқызы,

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале