12.07.2023, 2:48
Оқылды: 45

Өрттен зардап шеккен науқасқа көмек көрсетіледі

11 шілде күні аудан әкімі Асланбек Сарқұлов Болашақ ауылдық округінде орын алған өрттен зардап шеккен науқаспен жүздесті. Казталов аудандық ауруханасында ем алып жатырған науқасқа өртті ауыздықтауға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, облыс әкімінің де алғысын жеткізді.

IMG-20230711-WA0085

10 шілдеде сағат 12:50 шамасында Болашақ ауылдық округінің аумағынан өрт шығып, қызыл жалын 11 шілде күні  сағат 06:40-та  толық өшірілді. 4800 гектар аумақты шарпыған өртті сөндіруге «Батыс Сервис Плюс» ЖШС-нен 91 адам, 22 техника жұмылдырылған. Қызмет бабында аталған компанияның өрт сөндіру көлігінің жүргізушісін күйік шалып, Казталов аудандық ауруханасына жеткізілген.

- 10 шілде күні кешкі сағат 22:00-де Казталов аудандық ауруханасына Болашақ ауылының 1973 жылғы азаматы келіп түсті. Науқасты өрт сөндіру кезінде күйік шалған. Ауруханаға жеткізілген кезде науқассқа иықтың сыртқы бетінің, білектің екі жағында, қолдың сыртқы бетінің, белдің 2-3 дәрежесінде термиялық күйік диагнозы қойылды. Күйік ауданы 20-22% құрайды. Қазіргі уақытта науқас аурухананың хирургия бөлімінде стационарлық ем алуда, - деді Казталов аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ануар Сапаров.

IMG-20230711-WA0082

Аудан әкімі науқасқа жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтіп, мердігер мен аурухана басшылығына қажетті шараларды қолға алуды тапсырды. Қазір өрт орын алған аумақта кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай толық бақылауға алынды.

Айта кетейік, өртті сөндіруге жергілікті ауыл тұрғындары, көршілес ауылдық округтердің азаматтары да өз үлестерін қосты.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале