4.06.2019, 18:28
Оқылды: 51

Өрттің алдын алу үшін рейдтер жүргізілуде

Ауа температурасының күрт жоғарлауына байланысты облысымызда IV дәрежелі өрт қаупі кезеңі жарияланды. Облыс әкімі А.Көлгіновтің шұғыл тапсырмасы бойынша, тиісті сақтық, қамданыс шаралары қолға алынуда.

IMG-20190601-WA0032

Ақжайық ауданы аумағында жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, №6 жедел құтқару жасағы, төтенше жағдайлар бөлімі, орман шаруашылығы мекемелері, ерікті өрт сөндіру жасақтары бірлесіп ауылдарда, орман, дала алқаптарында, өзен-көл жағалауларына рейдтер ұйымдастыруда. Оның барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.

IMG-20190531-WA0197

- Отқа абай болу, күнделікті пайдаланатын от, қуат көздерінің ақаусыздығы, сондай-ақ тыйым салынған жерлерге суға түсуге болмайтыны, балаларды үнемі бақылауда ұстау жайында тұрғындармен жер-жерде кездесу өткізілуде. Өткен жылдарда өңірімізде кездескен қайғылы оқиғалардан сабақ алу қаперге салынуда,- дейді Ақжайық аудандық төтенше жағдайлар бөлімі  бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Рауан Қашқынбаев

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы,

                                                                                                  zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале