24.09.2021, 19:18
Оқылды: 72

Орынбек олжалы оралды

Таяуда Бөрлі ауданында Қала күні қарсаңында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Ақсайым арқау жырыма» атты облыстық ақындар айтысы дүркіреп өтті.

17E9CD68-C9BF-468A-893D-8001E50DE4F7

Жыр барымтасына әр ауданнан суырылып шыққан 14 ақын қатысты.

Ауыздығымен алысып, тынысы кең тұлпардай көсілген ақындар арасында жерлесіміз Орынбек Меңдіқұлов пен жас бөрі Данияр Нысанғалиев өнер көрсетіп, дүйім жұрттың ықыласы мен қошеметіне бөленді. Оқушы кезінен айтыс аламанында жарқырай көрініп, бүгінде облыс жұртшылығына есімі етене таныс Орынбек Меңдіқұлов үшінші орынды иеленіп, қаржылай сыйлыққа ие болды. Ол дүбірлі алыстан естілген айтыстың бірінші айналымында Жарқынбек Шынтаевпен (Бөрлі ауданы) сөз қағыстырса, соңғы айналымда Ақжайық ауданының тумасы Бекболат Қаленовпен айтысты. Ал жас ақын, Жаңақала орта мектебінің мұғалімі Данияр Дидарұлы көрермен көңілін баурап, ұтымды тіркесімен айтыстың сәнін келтіріпті. Даниярға да Ақсай қаласының әкімі құрмет көрсетіп, алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале