4.05.2017, 16:59
Оқылды: 88

Отан қорғаушылар күніне шағын футболдан турнир өтті

7  мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай 1999-2001 жылғы жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудандық турнир өтті. Жарысқа аудандық және ауылдық мектептен 9 команда қатысты.


Сайыс нәтижесі бойынша, «Үздік шабуылшы» аталымын Ермахан Киікбаев алса, «Үздік қақпашы» аталымына Дастан Демегенұлы, «Үздік қорғаушы» аталымына  Ғилман Ғалымжанов лайық деп танылды.

Командалық есепте І орынды аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, ІІ орынды Қоскөл орта мектебінің, ІІІ орынды Қалдығайты орта мектебінің командасы иеленді.

Жеңімпаз командаларға арнайы медальдар мен кубок  табыс етілді.

 Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале