21.09.2021, 10:15
Оқылды: 36

«Отан отбасынан басталады»

Бүгінде демографиялық саясаттың әуелгі факторы ретінде отбасылық құндылықтарды халық санасына сіңіру мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады. Осыған орай жуырда «Бақытты отбасы» жобасы аясында Тасқала ауданы «Камен» БПҰ және Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» тақырыбында Жанаевтар жанұясымен кездесу өтті.

 7

Төрт баланың ата-анасы Думан мен Жанар Жанаевтарға ақ жаулықты әжелер ақ тілегін білдіріп, бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызына тоқталды.

Шараға қатысқан батагөй ата Жұмагелді Үмбетәлиев те берекелі шаңыраққа батасын берді.

Мекеме директоры Мержан Сүндетқалиұлы қонақтарды аталмыш мерекемен құттықтап, ризашылығын білдіріп, арнайы сыйлық табыстады.

 

Шын Темір,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале