Кешегі сайлау күні бір жағынан халықтық мереке болды. Себебі қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетті, арзандатылған бағамен азық-түлік жәрменкесі ұйымдастырылды.
– Бұл туралы Бәйтерек аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Өтешев мәлімдеді. «Кеше өткен Президент сайлауының ерекшелігі сол, бұрынғылармен салыстырғанда, бұл жолы кандидаттар көп болды. Бұл елге лайықты қызмет етуге ниеті бар азаматтардың өсіп келе жатқандығын көрсетсе керек. Алты үміткердің екеуі нәзікжанды болуы әйел-аналардың да ел басқаруға қабілеттілігін және олардың елді өркендетуге өз үлестерін қос алатындар білдіреді деп ойлаймын,- деді Мәлік Сейсенбайұлы.
Алдын ала мәлімет бойынша қазіргі Президентіміздің 82 пайызға жуық дауыс жинағаны белгілі. Мәлік Сейсенбайұлының сөзінше, бұл отандастарымыздың Қасым-Жомарт Кемелұлына деген үлкен сенімін көрсетеді.
– Жалпы ауданымызда да сайлау әділ өтті деп есептеймін. Аудан халқының белсенділігі жоғары болды. Сайлау учаскелерінде халықтың дауыс беруіне барынша жағдай жасалды. Мәселен, Переметныйда қоғамдық көлік сайлаушыларды тегін тасымалдады. Жылжымалы медициналық амбулатория жұмыс істеп тұрды. Жәрменке ұйымдастырылды. Осылайша, бұл күн, бір жағынан халықтық мейрам болды деп айтуға негіз бар,- дейді Мәлік Өтешев.
Сәкен Мұратұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz