1.03.2023, 9:45
Оқылды: 60

«Отаныма алғыс айтамын!»

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мерекеАлғыс айту күні. Бұл күнді қазақстандық патриотизмнің, ұлтаралық бірлік пен достықтың жарқын мерекесі деп есептеймін.

B8CD506D-4B70-4093-A457-2CBB19B5D0F3

Кең байтақ қазақ даласында туып, қазақы ортада ержеткен азамат ретінде мен ұлы халықтың дархандығын да, даналығын да, қонақжайлығын да бойыма сіңіріп өстім. Ұлтым орыс. Жалпақтал ауылында дүниеге келіп, Ғ.Молдашев атындағы орта мектептен білім алдым. Құрбы-құрдас, достарыммен қазақ тілінде сөйлесіп өстік.

Кейіннен Орал қаласындағы экономика және ақпараттық технологиялар колледжінде тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығын меңгердім. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жоғары білім алып, мамандығымды жетілдірдім. Қазіргі таңда Бәйтерек аудандық ТЖБ бас маман қызметіндемін.

3FAA5674-246D-4F27-8D74-7D309662C1C4

Айту керек, кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдыр айдап, елге келген өзге ұлт өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартып, бір үзім нанымен бөліскен уақытты да біз аға ұрпақ өкілдерінен естіп ержеттік. Сондықтан да ұрпағымыз алдыңғы толқын тартқан қасіретті көрмей өсіп жатқаны үшін, әр таңымыздың уайымсыз, тыныштық та атқаны үшін алғыс айтуымыз ләзім!

Ынтымағы мен ырысы жарасқан, көп ұлттың басын бір шаңырақтың астына біріктірген бір ғана ОтанымҚазақстан деп білемін. Сондықтан оның өзге елдермен бірдей өркендеп дамуы үшін, ұлан-ғайыр даласының, халқының амандығы үшін қызмет ете жүріп үлес қосқаныма қуаныштымын!

A301A7AB-C416-4D16-A273-0AF5D6FE2174

Өйткені бұл менің адамдық және азаматтық қасиетті парызым! Мен үшін және менің ұрпағым үшін ешкімге айырбастамайтын ұлық мекен болған, бақытты ғұмырымның мәні мен сәніне айналған Отаным мен барша отандастарыма шексіз алғыс айтамын!

Николай Сламихин

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале