26.11.2024, 9:15
Оқылды: 13

Отар Нәбиев 90 жасқа толды

Үлкен Шаған ауылында «Үлгі тұтар ауылдас» жобасы аясында, аға буын өкілдеріне құрмет көрсету мақсатында жерлесіміз Отар Нәбиевтің 90 жасқа толуына орай «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атауымен кеш өтті.

b534a972-44f8-421d-a6d0-8bdbc1a2ec4f

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Үлкен Шаған ауылдық кітапханасы және ауылдық клубы ұйымдастырған іс-шараға тума-туыстары, әріптестері, ауылдастары келді.

Ауыл әкімінің міндетін атқарушы Исатай Мұғалбаев Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының атынан құттықтап, мерейтой иесіне шапан кигізіп, алғысхат табыс етті.

Өз кезегінде сөз алған Жамбыл Насимуллин, Каспий Жақатов, Хайролла Сабыров сынды ауылдастары, яғни бір топ бөкейлік азаматтар мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдіріп, бірге өткізген шақтарын естеріне алды.

Ал жергілікті қаламгер, Бәйтерек ауданының құрметті азаматы Майдан Жұбандықов мерейгердің ауылдың өркендеуіне, жас ұрпаққа тәрбие беруге қосқан сүбелі үлесін атап өтті. Яғни халқымыздың қолөнерін, дәстүрін дәріптеу мақсатында үйінің жанынан «Жанұя» мұражайын ашуы,  Қазақ хандығының 550 жылдығына орай сақ дәуірінен бастап, бүгінгі кезге дейінгі тарихын қамтитын «Атамекен» кабинетінің мәдениет үйінде жасақталуына ықпал етуі соның айқын дәлелі.

Іс-шараны жергілікті өнерпаздар ән-жырмен көркемдеді.

Кеш соңында ардагер-ұстаз Отар Нәбиұлы іс-шараны ұйымдастырушыларға, келген қонақтарға алғысын білдірді.

Сәнім Берік

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале