Осындай атаумен Сырым ауданы Тасқұдық ауылында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш ауылдық округтің кітапхана және мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен шараға аудандық "Мерейлі отбасы" байқауының 2017 жылғы жүлдегерлері Батиевтар, Сақтағановтар, Ихсановтар отбасылары мен балабақша тәрбиешісі Жұлдыз Жұмашева қатысты.
Одан бөлек, Гүлнара Шаухарова отбасылық құндылықтары жайында баяндама жасаса, қонақтар ұрпақ тәрбиесі жайында еркін алаңда әңгіме өрбітті.
Кештің әдемі нүктесі "жылулық шеңбері" тренингімен қорытындыланды.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz